Астана. 18 қыркүйек. ҚазТАГ – Шығыс және оңтүстік, сондай-ақ десанттық-шабуылдау әскерлерін Қазақстанның батысына алмастыру аяқталды, деп хабарлады ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Оңтүстік», «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтары мен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің құрамалары мен әскери бөлімдері бірнеше мыңдаған шақырымға марш жасап, Маңғыстау облысына келді. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері оқу-жаттығу ауданына өз жүрістерімен келді. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының барлау, танкті және артиллериялық бөлімшелері батыс өңіріне теміржол көлігімен жеткізілді», - деп хабарлады сейсенбіде ҚР қорғаныс министрлігінен.
Одан басқа, 35-ші десанттық-шабуылдау бригадасының десанттық-шабуылдау батальоны әскери-көлік авиациясымен Қапшағайдан Ақтауға алмастырылды.
«Батыс өңіріне әскерлерді алмастыру басталғанға дейін Маңғыстау облысының басшылығы аумақтық қорғаныс бригадасын арнайы өрістетуді жүргізді, өңірлік жедел штаб құрылды. Қысқа мерзімде аумақтық әскерлер бөлімшелерінің жауынгерлік үйлесуі өткізілді және өңірдегі маңызды нысандар, оның ішінде, дағдарыс ауданында әскерлердің жедел өрістетілуін қамтамасыз ете отырып, әскерлерді түсіру станциялары күзетке алынды», - делінген хабарда.
Хабарда айтылғандай, оқу-жаттығудың ниеті бойынша Қазақстанның батыс өңірінде заңсыз қарулы құрылымдардың іс-әрекетінің қауіп-қатері нәтижесінде жағдай ушығып кетті. «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының жетекшілік етуімен өңірдегі тұрақты жағдайды қалпына келтіруі тиіс әскерлердің түраралық топтамасы құрылды.
Шығыс және оңтүстік, сондай-ақ десанттық-шабуылдау әскерлерін Қазақстанның батысына алмастыру аяқталды
