Шыңжаңда 12 адам мемлекеттік мекемелерге шабуыл ұйымдастырғаны үшін өлім жазасына кесілді

Алматы. 13 қазан. ҚазТАГ – Қытайда сот Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында мемлекеттік мекемелер мен полиция учаскелеріне шабуыл ұйымдастырған деп айыпталған 12 адамды өлім жазасына кесті, деп хабарлады шетелдік БАҚ-тар.
Одан басқа, бірнеше адам осы іс бойынша өлім жазасына кесіліп, бірақ оны орындау кейінге қалдырылды немесе өмір бойына түрмеде отыру жазасына алмастырылады, делінген дүйсенбі күнгі хабарда.
Хабарда айтылғандай, шілде айындағы шабуылды ондаған жанкештілер ұйымдастырды және соның салдарынан 100 адам қаза болды.
«Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында тұрақсыздық бірнеше жылдан бері сақталуда: ұйғырлардың бір бөлігі қытайлық билік осы өңірді билеп отырғанына наразы және Бейжіңнен тәуелсіздікті талап етуде. Қыркүйек айында жанкештілердің шабуылынан тағы 50-шақты адам қаза болды», - делінген хабарда.  

adimage