Алматы. 21 мамыр. ҚазТАГ - Шыбын-шіркей мен масаға қарсы алғашқы 23 тонна бактицид Ертіске құйылды, деп хабарлады pavlodarnews.kz.
«Бортында арнайы биологиялық препараты бар баржалар Tртіс өзенінің жағалауын су үсnінен өңдеу жұмыстарын бастады. Бүгін Май ауданы Көктөбе а., Аққулы мен Ақсу аудандарындағы Подпуск а. маңдарында улау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар шағын көлдер де өңделді: Теплая (Ақсу) және Белая көлі (Майский ауданы)», - делінген дүйсенбідегі хабарда
Хабарда атап өтілгендей, Ертіс өзенінде шыбын-шіркейлер мен масалардың дернәсілдеріне қарсы өңдеу жұмыстары Павлодар мен Ақсу аумағында, сондай-ақ аудандағы жеті Ақтоғай, Железинск, Ертіс, Тереңкөл, Аққулы, Майский және Павлодар жағалау маңы аудандарында жүргізіледі.
«Су үсті өңдеу жұмыстарының жалпы қашықтығы 1130 км», - делінген хабарда.
Шыбын-шіркей мен масаға қарсы алғашқы 23 тонна бактицид Ертіске құйылды
