Алматы. 25 қыркүйек. ҚазТАГ- Шымбұлақ пен Алтай Альпісі ТМД танымал тау-шаңғысы курорттарының алғашқы ондығына кірді, деп хабарлады ҚырТАГ.
«ТурСтат талдау агенттігі 2018/19 жылдың қыс мезгілінде ресейлік туристер арасында ең танымал Таяу Шығыс және ТМД елдеріндегі тау-шаңғы демалыс орындарының тізімін жариялады. Рейтингке сәйкес, ТМД елдеріндегі тау-шаңғы курорттары ондығына Қазақстандағы Шымбұлақ, Грузиядағы Гудаури, Әзірбайжандағы Шахдаг, Беларусиядағы Силичи, Армениядағы Цахкадзор, Өзбекстандағы Чимган, Қырғызстандағы Қаракөл, Беларусиядағы Логойск, Әзірбайжандағы Туфандаг және Қазақстандағы Алтай Альпісі кірген», - делінген хабарда.
Рейтинг 2018-2019 жылғы қыс маусымындағы туристік сапарлар талдауы негізінде жасалды.
Шымбұлақ пен Алтай Альпісі ТМД танымал тау-шаңғысы курорттарының алғашқы ондығына кірді
