Шымкент қалалық Полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

    Шымкент.29 тамыз.ҚазТАГ- Шымкент қаласы Полиция департаментінің басшылығына Думан Әшкенұлы Таев тағайындалды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
   «Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша ішкі істер министрінің бұйрығымен полиция генерал-майоры Думан Таев Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды»,- делінгенхабарламада.
   Жаңа бастықты мегаполис активіне ІІМ басшысы Марат Ахметжанов таныстырды.
   Осы уақытқа дейін Ақмола облысы ПД бастығы қызметін атқарған.

adimage