Шымкент бюджеті үш жылда төрт есеге жуық өсті-Әйтенов

Шымкент. 24 маусым. ҚазТАГ- Адель Рүстемова. Шымкент бюджеті үш жыл ішінде Т131 млрд-тан Т486 млрд-қа дейін өсті, деп хабарлады қала әкімі Мұрат Әйтенов.
"Бюджет 2018 жылмен салыстырғанда 3,7 есеге артты. Инвестиция көлемі екі есеге жуық артты. Үш жыл бұрын өнеркәсіп өнімінің көлемі Т425 млрд құрады, ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша көлемі Т710 млрд болады, сондай - ақ, үш жыл бұрын 403 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, биыл біз оның санын 1 млн шаршы метрге дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз, нәтижесінде салық базасы мен жергілікті бюджеттің кірістері - т57 млрд-тан Т150 млрд-қа дейін өсті", - деді Әйтенов бейсенбі күні ОКҚ брифингінде.
Әкімнің айтуынша, үш жылдық инвестициялардың жалпы көлемі Т1,2 трлн. Сондай-ақ, ол Республикалық маңызы бар қала мәртебесін алған сәттен бастап инвестиция көлемі 1,9 есеге артқанын, ағымдағы жылы бұл соманы Т400 млрд. дейін жеткізу жоспарланғанын атап өтті.
"Соңғы үш жылда ағымдағы жылды ескере отырып, 853,5 км жол салынады. Бұған дейін мұндай көлемдегі жолдар 10 жыл ішінде салынған болатын", – деп атап өтті Мұрат Әйтенов.

adimage