«Шымкент инновация» кәсіпорнының базасында 200 инновациялық жоба тіркелген

Шымкент. 27 қараша. ҚазТАГ – «Шымкент инновация» кәсіпорнының базасында 200 инновациялық жоба тіркелген, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облыстық (ОҚО) әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Шымкент инновация» кәсіпорнының базасында 200 инновациялық жоба тіркелген. Жергілікті жасампаздарға өз идеяларын жүзеге асыруға көмектесу үшін бұл компанияны облыс әкімдігі құрған болатын», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Қазіргі таңда жүзеге асыру үдерісінде осының өзінде шетелдік компаниялардың қатысуымен 29 жоба бар. Олардың құны $1,4 млрд-ты құрайды. Компания шетелдік және отандық инвесторлардың ынтымақтастығын жөнге салу үшін Оңтүстік Корея, Германия, Швейцария, Түркия, Чехия, Польша, Венгрия және Малайзия секілді шет елдерде бірнеше рет роуд-шоулар өткізді.
Баспасөз қызметінен жергілікті бизнесмендерге кәсіпкерлікті қолдау орталығының да баға жетпес жәрдем көрсетіп жатқанын хабарлады. Биыл 11,4 мың бизнесмен өз ісіне жәрдем алды.
Одан өзге, жаңа бастап жатқан бизнесмендерді қолдау үшін ОҚО-да «кәсіпкерлер мектептері» жұмыс атқарады.
«Әр ауданда салып жатырмыз. Биыл жоспар бойынша 5 мектепті бітіреміз. Сайрамда, Түркістанда, Төле би ауданында тұрғызып үлгереміз. Қалғанын – келесі жылдың басында», - деп хабардар етті ОҚО әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев.

adimage