Шымкент көшелерімен туристік автобустар жүре бастады

Шымкент. 12 маусым. ҚазТАГ  Шымкент көшелерімен туристік автобустар жүре бастады, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
«Шымкент көшелерімен туристік автобустар жүре бастады. Бұл жоба ішкі және әлеуметтік туризмді дамыту үшін іске қосылуда. Одан өзге, ол қала тұрғындары мен қонақтарын Шымкенттің туристік әлеуетімен таныстыруға мүмкіндік береді», - деді баспасөз қызметіндегілер.
Бұдан бөлек, облыс әкімдігі қосқабатты экскурсиялық автобустардың көмегімен балалар туризмін дамытуға және насихаттауға, балалар мен жөсөспірімдердегі патриотизмді тәрбиелеуге, балалардың жазғы демалысын орынды пайдаланып, ұйымдастыруға болатынына сенімді.
Әкімдік екіқабатты экскурсиялық автобустармен Шымкентті 2 сағатта аралап, қаладағы бүкіл көрікті жерлерді тамашалап шығуға болады дейді.
«Қалада гүлзарлар өте көп, жаңа әдемі ғимараттар ашылып жатыр, бізде бес жұлдызды қонақүй де бар. Бұның бәрі туристер үшін, біздің тұрғындар үшін, инвесторларды тарту үшін жасалуда және расында адамдарға қарауға тұрарлық заттар бар», - деп айтып берді Шымкент әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай.
Маршрут «Ғажайыптар әлемі» саябағын, «Шәмші» саяжолын, «Жер Ана» монументін, «Тәуелсіздік» саябағын, дендросаябақты, «Бәйдібек би» ескерткішін, циркті, Абай гүл бағын және жаңа әкімшілік іскерлік орталықты қамтитын болады.
Екі экскурсиялық автобус күн сайын кешкісін жүріп тұратын болады. Шымкентке осы автобустарды әкелген туристік компанияның жоспарында тағы дәл сондай көлікті сатып алу бар.

adimage