Шымкент әкімдігі баға тұрақталғаннан кейін нан бағасының ары қарай көтерілуіне жол бермейді

Күні: 19:01, 20-09-2018.

Алматы. 20 қыркүйек. ҚазТАГ – Шымкент әкімдігі баға тұрақталғаннан кейін нан бағасының ары қарай көтерілуіне жол бермейді, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.  
«Шымкентте нан бағасы 10 теңгеге көтерілді. Күні бүгінге дейін дүкен сөрелерінде 50 теңгеден сатылып келген бір бөлке нан енді 60 теңгеден саудалануда. Осы орайда нан бағасына қатысты жағдай түсіндірілді», - деп мәлімдеді Шымкент қ. кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Әсет Әбдірахманов.  
Қауымдастықтың өзінде қазіргі таңда нан  бағасының тұрақталғаны туралы айтуда.  
«Бұған дейін 50 келі қаптағы ұн 3100 теңгеден сатылса, қазір 3900 теңге. Оның үстіне жарық пен су, газға төлейтін коммуналдық төлемдер мен тасымалдауға кететін бензин де қымбаттаған. Қауымдастық төрағасының мәлімдеуінше, заңды тұлғаларға коммуналдық қызмет төлемі өскенімен (2016 жылдан бастап су – 24,7%, электрэнергиясы – 27,2%-ға қымбаттаған), сондай-ақ жанар-жағармай бағасы көтерілгенімен (АИ-92 – 25,2%, дизель отыны – 105,01%), қала әкімдігінің келісімімен нан пісірушілер алғашқы қажеттіліктегі азық-түлік ретінде бірнеше жыл бойына нан бағасын көтермей ұстап тұрған. Сондықтан, 17 қыркүйекке дейін бір бөлке нан бағасы 50 теңге еді», - деп мәлімдеді қауымдастық төрағасы  Абдумалик Көмекбаев.
Қала әкімдігінде айта кеткендей, қазір Шымкенттегі нан бағасы еліміздегі ең төмен бағаны құрап отыр.


Жаңалықтармен бөлісу: