Астана. 12 желтоқсан. ҚазТАГ – Шымкент әкімдігінің ішкі аудит қызметінің басшысына алаяқтығы үшін Т9 млн айыппұл салынды, деп хабарлады ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен.
«Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұған дейін сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп күдіктелген Шымкент қаласы әкімдігінің ішкі аудит қызметінің басшысы А. Сламовқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. (…) 2019 жылдың 11 желтоқсанында Шымкент қаласының Абай аудандық сотының үкімімен А.Сламов алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте лауазым атқаруға өмір бойына құқығынан айырылды. Және оған 9 млн теңге көлемінде айыппұл салынды», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Агенттікте атап өткендей, А. Сламов 2018-2019 жылдар аралығында Шымкент қаласы Білім басқармасының «Музыкалық колледж» МКҚК-да жүргізілген аудиторлық тексерудің оң шешімін қабылдағаны үшін осы колледждің директорынан 1 млн 200 мың теңгені алдау арқылы иемденді деп күдіктелген.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34