Шымкент әкімдігінің Т3 млрд борыштық бағалы қағазы маусымда саудаға шығарылады

Алматы. 29 мамыр. ҚазТАГ – Шымкент әкімдігінің Т3 млрд борыштық бағалы қағазы маусымда саудаға шығарылады, деп хабарлады Қазақстан қор биржасынан (KASE).
«Бағалы қағаздар тұрпаты: Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органының борыштық бағалы қағаздары. Сауда-саттық күні: 07 маусым. Номиналы бойынша жарияланған көлемі 3 000 000 000 млн.теңге», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Облигацияның жалпы тіркелген көлемі Т11 534 818 000, ал орналастырылғаны – Т6 492 075 000.
Еске салсақ, 23 мамырда ҚазТАГ ХАА мамыр айының аяғында саудаға Нұр-Сұлтан әкімдігінің Т4 млрд бағалы қағазын шығаратынын хабарлаған еді.

adimage