Шымкент әкімі қала базарларындағы бағаны жеке өзі қадағалап жүр

Шымкент. 27 тамыз. ҚазТАГ – Шымкент әкімі Ғабидулла Әбдрахманов қала базарларындағы бағаны жеке өзі қадағалап жүр, деп хабарлады қала әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
«Шымкент әкімі Ғабидулла Әбдрахманов қала базарларындағы бағаны жеке өзі қадағалап жүр. Ол әріптестерімен бірге базарлар мен сауда орталықтарына барып, баға саясатын қадағалап жүр», - деді қала әкімшілігінің баспасөз қызметінен.  
Мысалы, Ғ. Әбдрахманов қаладағы сауда нүктелеріне ешқандай ескертусіз келеді. Барлық назар бағаларда және сатушылармен сұхбатта. Қала әкімі әрқайсысынан азық-түлікке бағаны көтермеуге, дүрлікпе тудырмас үшін осы деңгейде сақтап тұруға шақырып жатыр.  
«Біз бағаны теңге бағамын еркіндікке жібергенге дейінгі деңгейде ұстап тұруға тырысамыз. Біз әкімшіліктің бағаны ұстап тұру туралы шешімін қолдаймыз, көптеген қалалық тұрғындарға осы күндері оңай болған жоқ қой», - деп айтқан «Айна» базарының сатушыларының сөзін  қала әкімшілігінің баспасөз қызметі келтіріпті.  
Сонымен қатар Шымкент басшысы заттар сатылатын базарға да барды. Себебі жаңа оқу жылының қарсаңында оқушыларды мектепке дайындау ата-аналар үшін бірінші номерлі проблема. Сондықтан мектеп формасына, ақ жейде мен қоңыр шалбарға бағаны ұстап тұру өте маңызды.
Мысалы, Шымкенттегі «Еуразия» базарында да неге қазір бағаны тұрақты ұстап тұру маңыздылығы туралы сөз болды. Сатушылар ескі бағамен қатар клиенттерге жеңілдік жасап жатқандарын да айтады. Оқушыға керек жабдықтар сатылатын сауда қатарларында да сондай жағдай. Қаламсап, дәптер, карандаш, альбомдар, жолдорба мен көптеген басқа да заттар теңге бағамы еркіндікке жіберілмей тұрғандағыдай бағамен сатылуда.
«Біздің мамандар күніне екі рет базарлар мен басқа да сауда нүктелеріне барып, мониторингі жасап тұрады. Бірлесіп баға көтерілуіне жол бермейік», - деп айтқан Ғ. Әбдрахмановтың сөзін баспасөз қызметі келтіреді.  
Айта кетерлігі, бағаны ұстап тұруға базарлардың әкімшілерінің шешімдері де көмектесіп отыр. Олардың барлығы да екі ай бойына сауда орындары үшін жал ақыларын алмаймыз деп мәлім етті.

adimage