Шымкент әкімі қалалықтарды туризмды дамытуға шақырды

Шымкент. 23 қараша. ҚазТАГ – Шымкенттегі туризмді дамытуға тек турфирмалар ғана емес, сонымен қатар барлық қалалықтар атсалысуы керек,  деп есепетейді Ғабидулла Әбдрахимов.
«Шымкент Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан көне қала. Бұл әр түрлі мәдениеттер тоғысқан орталық.  Бүгіндері біздің қала арқылы Батыс Қытай – Батыс Еуропа автомагистралы өтеді. Біздің қаланың дамуында және туризмнің дамуында, мүмкіндігінше әр қалалық азамат, барлық туристік компаниялар атсалысуы керек», - деп айтқан Ғ. Әбдрахимовтың пікірін ОҚО әкімшілігінің баспасөз қызметі келтіріпті.
Хабарда айтылғандай, Ғ. Әбдрахимов қаладағы бір отельде «Шырайлы Шымкент-2015» жәрмеңкесін ашты. Бұл жәрмеңке халықаралық ЕХРО-2017 көрмесіне облыстағы жеті турфирма, бес отель мен 36 қол өнер шеберлерінің арасындағы іріктеу туры болды.
Жәрмеңке Шымкенттегі туризмнің дамуына, инвесторлардың қалаға деген қызығушылығын оятатын бастау болуы керек.
Бұрын хабарланғандай, Шымкент әкімі Барселонда болып, онда қала мэрінің бірінші орынбасары Жарардо Писарелломен кездесті.
Кездесуде Барселонның іскер тобының Шымкенттің дамуына қатысу мүмкіндігі, оның инфрақұрылымы мен ауыл шаруашылығына инвестиция салу мүмкіндігі талқыланды.
Қала басшылары екі қаланың да бизнес-қауымдастығының, коммуналдық қызметінің кездесуін ұйымдастыру туралы уағдаласты. Мәдениет саласында да ынтымақтастық жоспарлануда.
Атап айтқанда, Шымкент Барселонадан туризм саласындағы тәжірибе алмақшы.

adimage