Астана. 20 тамыз. ҚазТАГ - Шымкент әкімінің орынбасары Данат Жумин ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады премьердң баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімімен Жумин Данат Есболұлы ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары болып тағайындалды», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Еске салсақ, 36 жасар Данат Жумин 2002-2007 жж. мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға белсене қатысқан. Қазақстан студенттер альянсын басқарған, Қазақстан жастар конгресінің атқарушы директоры қызметін атқарған. 2009-2011 жж. мемлекеттік басқару саласында жұмыс істеді. «Мемлекеттік қызметшілер персоналын басқару бойынша ұлттық орталық» АҚ департамент директоры, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ректорының кеңесшісі, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтының директорының орынбасары болып тағайындалған. Мемлекеттік басқару реформалары жөніндегі Еуропалық комиссияның ұлттық сарапшысы болды. 2011-2013 жж. «Apex Consult» ЖШС - 2010 жылы құрған стратегиялық маркетингтік коммуникациялар саласындағы консалтингтік агенттіктің бас директоры қызметін атқарды. 2013-2014 жж. — Хатшылық басшысы – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі. 2014-2016 жж. — «Қазақстан - 2050» Жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы. 2016-2017 жж. — «Apex Consult» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы. 2017 ж. қараша айынан «Нұр Отан» партиясының саяси жұмыстар департаменті директорының орынбасары, 2018 ж. - департамент директоры болып тағайындалды. 2018 жылғы шілде айынан 2019 жылғы тамыз айы аралығында Шымкент қаласының әкімінің орынбасары лауазымын атқарды, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және инвестициялар, ауыл шаруашылығы, туризм, цифрландыру мәселелеріне жетекшілік етті.
.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстанда 1,2 мыңнан астам елді-мекен су тасқыны қаупі бар аймақта орналасқан
13 Ақпан 2025, 17:31 -
Астанада 26 бағдаршам объектісін салуға Т2,2 млрд-қа жуық жұмсамақ
13 Ақпан 2025, 17:16 -
Тоқаев «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестиваліне барды
13 Ақпан 2025, 16:42