Шымкент коронавирус бойынша «қызыл» аймаққа түсіп қалды

Астана. 15 сәуір. ҚазТАГ – Шымкент коронавирус бойынша «сары» аймақтан «қызыл» аймаққа түсіп қалды, деп хабарлады COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Бейсенбі күні ұсынылған өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайларды бағалау матрицасына сәйкес қатаң шектеу шараларын енгізу қарастырылған «қызыл» аймақта әзірге Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстары бар.
Қолданыстағы карантин шараларын сақтау және олардың сақталуын бақылауды күшейту қарастырылған «сары» аймақта Қызылорда, Павлодар, Жамбыл, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстары бар.
Жағдайы тұрақты, шектеу шаралары ары қарай жеңілдетілуі мүмкін «жасыл» аймақта шығыс Қзақастан, Түркістан облыстары бар. Олардың қатарына «сары» аймақтан Қостанай облысы қосылды.
Қазақстанның өзі болса «қызыл» аймақта.

adimage