Шымкент маңындағы әскери бөлім басшылығына қатысты салғырттық туралы тағы бір іс қозғалды – ІІМ

Астана. 25 ақпан. ҚазТАГ – Махамбет Әбжан. Шымкент маңындағы әскери бөлім басшылығына қатысты салғырттық туралы тағы бір іс қозғалды, деп хабарлады ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев. «Қазір бізде аталмыш әскери бөлімде күзетте болған әскери жасақтың салғырттығы туралы тағы бір іс қозғалды, (әскери бөлім – ҚазТАГ) басшылығына (қатысты – ҚазТАГ), шын мәнісінде сонша қару-жарақты қалай алып шыққандарын анықтау үшін барлық деректі тағы тексеріп шығу керек.(…) Әскери жасақ пен басшылыққа қатысты жеке құқықтық баға берілетін болады», - деді Тұрғымбаев дүйсенбідегі үкімет кулуарында. Министр атап өткендей, қару-жарақ әскери бөлімнің қарауыл бөлмесінен ұрланған. Еске салсақ, 20 ақпанда мессенджерлерде Шымкентте сарбаздың қару-жарақ ұрлап, қашып кеткендігі туралы ақпар тарады. Ақпарға сәйкес 10216 әскери бөлімінің келісімшарт негізіндегі әскери қызметкері 1995 жылы туған Абылай Балғынбай жауынгерлік кезекшілікте тұрған кезде (бөлім бойынша кезекшінің көмекшісі) АК-74 – 30 бірлік, 9 мм ПМ – 27 бірлік, АК патрондары – 420 бірлік, ПМ патрондары – 48 бірлік, травматикалық ПМ – бір бірлік қару-жарағын ұрлаған. Кейін сарбаздың қашып кеткендігі және қару-жарақтың жоғалғаны туралы ақпаратты ҚР қорғаныс министрлігі растады. Жағдайға түсінік берген ІІМ қашқан сарбазды іздестіру жұмыстарына Шымкент пен Түркістан облысының гарнизондары мен Ұлттық гвардия жұмылдырылғанын айтты. 20 ақпан күні кешкісін сержант Абылай Балғынбайдың ұсталғандығы белгілі болды. 21 ақпанда ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қарумен бірге қашқан әскери жауынгердің сыбайластарының анықталып жатқанын айтты. 24 ақпанда Шымкентке жақын маңдағы әскери бөлімнен сержанттың қашуы және қару-жарақтың ұрлануы ісі бойынша тағы екі адамның ұсталғаны белгілі болды.

adimage