Шымкент мемлсатып алу конкурсының міндеттеріне коронавирусты инфекциямен күрес туралы оң имиджді материал жариялауды қосқан

Шымкент. 22 қыркүйек. ҚазТАГ – Шымкент мемлекеттік сатып алу конкурсының міндеттеріне коронавирусты инфекциямен күрес туралы оң имиджді материал жариялауды қосқан, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Тапсырыс беруші – "Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы" ММ; атауы – ақпараттық материалдарды дайындау және басып шығару бойынша/бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру бойынша қызмет көрсетулер; қосымша сипаттамасы – президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауын кеңінен насихаттау, Шымкент қаласының әлеуметтік дамуы, қалада түрлі салалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы, және денсаулық саласындағы, коронавиустың алдын алу бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар мен жұмыстар туралы оң имиджді материалдарды республикалық ақпараттық агенттікте жариялау (мемлекеттік және орыс тілдерінде); жоспарлы сомасы – Т15 178 571,42», - делінген 21 қыркүйекте мемсатып алу порталында жарияланған лот сипаттамасында.
Конкурсқа ақтысу үшін алдын алу өтінім беру 28 қыркүйекте сағат 15.45-те басталып, 13 қазан сағат 15.46-да аяқталады.
Соңғы ресми ақпар бойынша Шымкентте COVID-19 дертін 5187 адам жұқтырған, 66 адам көз жұмған. Аталмыш көрсеткіш бойынша Қазақстан өңірлері бөлінісінде (Нұр-Сұлтан, Алматы және облыстарды қоса алғанда) қала жетінші орында тұр.

adimage