Шымкент пен Қазақстанның екі облысында дауылды ескерту жарияланды

Алматы. 10 сәуір. ҚазТАГ – Шымкент пен Қазақстанның екі облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«11 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, күндіз солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, дауыл, бұршақ күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 95-100%», - делінген хабарда.
Сонымен қатар, 11 сәуірде күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Шымкент қ.: 11 сәуірде күндіз кей уақытта найзағай, бұршақ күтіледі.

adimage