Астана. 14 қаңтар. ҚазТАГ – Шымкент пен Қазақстанның төрт облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Алдағы сағатта және тәулік бойы 14 қаңтарда Қостанай облысында кей жерлерде көктайғақ күтіледі», - делінген дүйсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«15-16 қаңтар күндері Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан, батыстан қатты жел соғып, жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетеді, 15 қаңтар күні күндіз, 16 қаңтар түнінде жел 23-28 м/с жылдамдықпен ұйтқиды. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Таразда күндіз 15-і, түнде 16 қаңтарда оңтүстік-батыстан, батыстан екпіні 15-20 м/с жел тұрады, кейде екпіні 23 м/с жетеді. Кейде тұман түседі», - деп ескертті «Қазгидрометтен».
15 қаңтар күні күндіз Түркістан облысының кейбір жерлерінде жауын-шашын мол түсуі ықтимал. Тәулік ішінде кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.
Шымкентте 15 қаңтар күні қатты жауын-шашын болады, тәулік бойы оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел тұрады, ертеңгісін және күндіз екпіні 25 метр секундқа жетеді. Түркістанда 15 қаңтарда оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел тұрады, ертеңгісін және күндіз екпіні 25 м/с жетеді.
«15-16 қаңтарда Жамбыл, түркістанның таулы өзендерінде, 16 қаңтарда Алматы облысында қатты жауын-шашын салдарынан су деңгейінің көтерілуі мүмкін», - деді синоптиктер.
Шымкент пен Қазақстанның төрт облысында дауылды ескерту жарияланды
