Астана. 19 шілде. ҚазТАГ – Шымкент пен екі облыста алдағы екі тәулікте қатты ыстық күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Күндіз 20 шілдеде Түркістан облысында кей жерлерде шығыстан 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 20-21 шілдеде облыстың басым бөлігінде +40+44 қатты ыстық күтіледі. Шымкентте 20 шілдеде күндіз +40 қатты ыстық күтіледі. Түркістанда күндіз 20 шілдеде +42+44 қатты ыстық сақталады», - делінген жұмада таратылған дауылды ескертуде.
Дабылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«20 шілдеде Қостанай облысында кей жерлерде найзағай ойнайды. Күндіз кей жерлерде 38 градус қатты ыстық, оңтүстіктен соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 18 м/с болады. Дабылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - деді синоптиктер.
Қатысты сілтемелер
-
Еліміздің өңірлерінде жылқылардың өлімі тіркелуде – бұл туралы үкімет не деді?19 Наурыз 2024, 17:09
-
Қазақстанда Елтаңбаны өзгертуге қанша қаржы жұмсалатынын қаржы министрлігі есептемеген19 Наурыз 2024, 16:17
-
Қазақстан 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік қарыз 27 триллион теңге құрады19 Наурыз 2024, 15:53
-
Экологиялық және санитариялық қағидаларды біріктіру орынсыз – Дүйсенова19 Наурыз 2024, 14:53