Шымкент пен үш облыста сенбі күні ауа райы нашарлайды

Астана. 14 желтоқсан. ҚазТАГ – Шымкент пен үш облыста сенбі күні ауа райы нашарлайды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«15 желтоқсанда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман сақталады. Кей жерлерде оңтүстік-батыстан 15-20, екпіні 23 м/с желдің күшеюі күтіледі. Шымкент қ.: 15 желтоқсанда таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі. Түркістан қ.: 15 желтоқсанда оңтүстік-батыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %», - делінген жұмада таратылған дауылды ескертуде.
15 желтоқсанда Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, оңтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысады 15-20 м/с күтіледі.
«15-17 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - делінген хабарда.

adimage