Шымкент пен түрік Ескішехирі туыстас қалалар болды

Астана. 16 қазан. КазТАГ - Шымкент және Ескішехир қалаларының басшылығы  Туыстас қалалар байланыстары туралы хаттамаға қол қойды, деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрлігінің (СІМ) баспасөз қызметінен.  

«Сапар барысында (Астана, Алматы, Шымкент және Қарағанды қалаларына Түркияның Ескішехир провинциясы губернаторы Гүнгөр Әзим Тунаның басшылығымен провинцияның жоғары деңгейдегі делегациясының сапары – ҚазТАГ)  Шымкент және Ескішехир қалаларының басшылығы екі қала арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалар бойынша өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға кең ауқымды мүмкіндіктерді беретін, Туыстас қалалар байланыстары туралы хаттамаға қол қойды», - делінген бейсенбіде таратылған СІМ хабарында.

«Жыл сайын Қазақстан белсенді даму қарқынын көрсетіп келеді және бұл бізді қуантады! Мен Сіздің еліңізде тек 2 жыл бұрын ғана болдым, бірақ бұл екі ортаның өзінде көптеген өзгерістерді байқап отырмын. Қазақстан бізге тек бауырлас және достас ел ретінде ғана қажет емес, біз оның өңірдегі алдыңғы қатарлы мемлекет ретінде болғанын көруге мүдделіміз», - деп келтіреді баспасөз қызметі провинция губернаторы  Гүнгөр Әзим Тунаның сөзін.

Түрік провинциясының өкілдері қазақ өңірлерінің инвестициялық ортасын байқап біліп, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдету мүмкіндіктеріне баға берді.

«Сапардың қорытындылары бойынша Ескішехир өндірістік аймақтары мен Қазақстан өңірлері арасындағы ынтымақтастықты дамыту жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді» - деп аяқталған баспасөз парақшасында.

adimage