Астана. 19 ақпан. ҚазТАГ – Шымкент пен тағы екі облыста сәрсенбі күні дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Шымкент қаласында 20 ақпанда кей уақытта қатты жауын-шашын, оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20, таңертең және күндіз екпіні 25 м/с күтіледі», - делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
20 ақпанда Түркістан облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын, тұман, көктайғақ, бұрқасын, областың басым бөлігінде оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күтіледі. Түркістан қаласында 20 ақпанда оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«20-22 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, 20 ақпан таңертең және күндіз кей жерлерде оңтүстік-батыс, батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 95-100%», - деді синоптиктер
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстанда 1,2 мыңнан астам елді-мекен су тасқыны қаупі бар аймақта орналасқан
13 Ақпан 2025, 17:31 -
Астанада 26 бағдаршам объектісін салуға Т2,2 млрд-қа жуық жұмсамақ
13 Ақпан 2025, 17:16 -
Тоқаев «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестиваліне барды
13 Ақпан 2025, 16:42