Шымкент пен жеті облыста дауылды ескерту жарияланды

Астана. 1 шілде. ҚазТАГ – Шымкент пен жеті облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«1 шілдеде күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде 43 градус қатты ыстық сақталады. Шымкент қ.: 1 шілдеде 41⁰С қатты ыстық күтіледі. Түркістан қ.: 1 шілдеде 41-43⁰С қатты ыстық күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - делінген дүйсенбіде таратылған дауылды ескертуде
1 шілдеде Атырау облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Күндіз солтүстік-батыс, солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 75-80%.
«01 шілдеде Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Ақтау қ.: 01 шілдеде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - деді «Қазгидрометте».
Күндіз 01 шілдеде Қызылорда облысының басым бөлігінде өте қатты ыстық 47 градус күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 95-100%.
«01 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде найзағай күтіледі. Солтүстік, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с жетеді», - делінген хабарда
1 шілдеде Қостанай облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Таңертең және күндіз кей жерлеріңде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Қостанай қ: 1 шілдеде шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күннің соңында найзағай күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«01 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қ: күндіз 01 шілдеде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - деп ескертті синоптиктер.

adimage