Шымкент полициясының бөлім бастығы мен тергеушісі пара алды деген күдікке ілінді

  Шымкент.29 мамыр.ҚазТАГ- Шымкент полициясының бөлім бастығы мен тергеушісі пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қалалық Полиция департаменті.
  «Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қалалық Полиция департаменті аудандық полиция басқармасының бөлім бастығы мен тергеушісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде»,- делінген хабарламада.
   Олар алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен жұбайына қатысты қамауға алумен байланысты емес бұлтартпау шарасын тағайындау үшін қала тұрғынынан 500 мың теңге көлемінде пара алған деп күдіктелуде.
   Белгілі болғандай, күдіктілер жасаған қылмысын мойындап, шынайы өкінді.

adimage