Шымкент полициясының ішкі қауіпсіздік басқармасының аға жедел қызметкері пара алды деп күдіктелуде

Күні: 10:58, 23-09-2019.

Астана 23 қыркүйек. ҚазТАГ - Шымкенттің полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік баасқармасының (ІҚБ) аға жедел қызметкері пара алды деп күдіктелуде, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
«Шымкент қаласындағы ПД ІҚБ аға тергеушісі, бопсалаумен пара алды деп күдіктелген полиция капитанына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ішкі істер министрінің бұйрығымен бұл лауазымға тағайындалған ол, өз қатарында сыбайлас жемқорлықпен күресу және профилактикалық жұмыстарды жүргізу міндеті жүктелген, Шымкент қаласының Патрульдік полиция инспекторынан жұмыстан босату түріндегі тәртіптік жауапкершіліктен құтқару, сондай-ақ қызметегі жалпы қамқорлығы үшін Т500 мың көлемінде бопсалап пара алды деп айыпталуда», - делінген дүйсенбіде хабарламада.
Күдіктінің қамауға алынғандығы айтылады.


Жаңалықтармен бөлісу: