Шымкент зоопаркіне арналған жабайы өгіздің еркек бұзауы жолда өліп қалды

Күні: 16:38, 27-12-2018.

Астана. 27 желтоқсан. ҚазТАГ –Шымкент зоопаркіне әкеле жатқан жабайы өгіздің еркек бұзауы Минскіден тасымалдау кезінде жолда жарақат алып, өліп қалды, деп хабарлады «Белорусь жаңалықтары» порталынан.
Жабайы өгіздің бұзауы Булат Минск қалалық зоопаркінде 2018 жылы 14 мамырға қараған түні туылған. Оның атын әлем болып таңдаған, конкурсқа екі мың адам қатысқан.
«Булат Шымкент (Қазақстан) қаласындағы зоопаркке көшуі керек еді, ол жақта жабайы өгіздің ұрғашы бұзауы бар болатын. Бірақ тасымалдау кезінде жарақат алып, өліп қалды», - деп хабарлады басылым.


Жаңалықтармен бөлісу: