Шымкентке жылу маусымы үшін 6 мың тонна көмір жеткізілді

Шымкент. 4 қараша. ҚазТАГ – Шымкентке жылу маусымы үшін 6 мың тонна көмір әкелінді, деп мәлім етті қала әкімнің орынбасары Бейсенбек Жанбосынов.
«Шымкентке жылу маусымы үшін деп 6 мың тонна көмір жеткізілді. Қарашада мазут сатып алуды жоспарлап отырмыз. Газ жеткізу бойынша «ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясымен келістік», - деді сейсенбі күні Б. Жанбосынов телефон арқылы.
Әкімшіліктен айтуынша, барлық отын жеңілдетілген бағамен сатып алынуда. Қалада көппәтерлі үйлерді жылуға қосу шаралары жүргізілуде. Осындай жұмыстар жүргізіліп жатқан 200-дей үй қалды.
Бюджеттік мекемелер – мектептер, балабақшалар, ауруханалар мен мемлекеттік мекемелер – жылуға қосылып та қойды.

adimage