Шымкентте 13 жасар жасөспірімнің өлімін тексеруде

Алматы. 15 тамыз. ҚазТАГ – Шымкентте 13 жасар жасөспірімнің өлімін тексеруде, деп хабарлады қаланың полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«Шымкент ПД қызметкерлері 12 иамызда 13 жасар жасөспірімнің өліміне алып келген себептерді анықтауға бағытталған тергеу амалдарын жүргізуде. (...) Қазіргі таңда ҚР ҚК 104 б.1б. бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Полицияда хабарлағандай, аталмыш дерек бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалған.
Бұған дейін Otyrar.kz хабарлағандай, Шымкентте емшідеемделіп жатқан 13 жасар ер бала көз жұмған еді. Басылым ақпарынша, 12 тамызда шамамен 22.00-де 18 ықшамаудандағы №13 үйге жедел-жәрдем көлігі клепі тоқтаған, олар 2006 ж.т. балаға медициналыө көмек көрсету үшін шақыртылған. Алайда олар келгенге дейін бала қайтыс болып кеткен. Нұсқалардың бірі бойынша бала қолының сынығын емдеу үшін халық еміне жүгінгеннен болуы мүмкін.

adimage