Шымкентте 480 астам қызылша оқиғасы тіркелді

Алматы. 19 сәуір. ҚазТАГ - Шымкент қаласында 487 қызылша оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды otyrar.kz қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Әбдіманап Төлебаевқа сілтеме жасап.
«Шымкентте екпе салдырмаған 200-ден аса бала қызылшамен ауырған». Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Әбдіманап Төлебаев мәлімдеді.
Басшының сөзінше, қызылша ауруына сырқаттанушылық көбінесе егілмеген балалар арасында таралуда. Бүгінгі күнге 487 жағдай (58,6 пайыз) тіркелді. Оның ішінде 1 жасқа дейінгі 270 бала (32,5 пайыз) егу жасына жетпеу себебінен егілмеген, медициналық қарсы көрсетіліммен — 119 бала (14,5 пайыз), ата-аналардың вакцинациядан бас тарту себебінен егілмеген 96 бала (11,7 пайыз) ауырды.
Сонымен қатар, сырқаттанғандар арасында 221 ересектердің 195-і (88,2 пайыз) 40 жасқа дейінгілер. ҚР 1990 жылдары вакцинаны жеткізудің бұзылуынан, сол кездегі вакцинациялауға жататын балалар, атап айтқанда болашақ аналардың қызылшаға қарсы егілмеуі – қала тұрғындары арасында қазіргі кезде сырқаттанушылықтың өсуіне алып келді.
Тіркелген ошақтарда санитарилық-профилактикалық және санитарилық-эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілуде. Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 30 жасқа дейінгі егілмеген және қызылшаға қарсы егілгендігі туралы деректері жоқ 1832 адам егілді.
Үй және ұйымдасқан ұжымдардағы ошақтарда аурумен байланыста болғандарға медициналық бақылау, эпид көрсетіліммен егу және санитариялық ағарту жұмыстары жүргізілуде.
Медициналық ұйымдар медициналық персоналдардың қорғаныш заттарын қолдануда, дезинфекциялық және желдету ережелерін сақтауда.
Қызылшаның жағдайы туралы мәселе инфекциялық аурулардың алдын алу туралы қалалық штабтың отырыстарында тыңдалды.
Бұл аурудың алдын алу үшін қызылша ауруына қарсы егумен толық қамтамасыз ету қажет.
Шымкент қаласы бойынша 28 медициналық ұйымдардың 69 егу пунктерінде жоспарлы иммундаумен қатар, қызылшаға қарсы қосымша егу 9-10 айлық балалар, 40 жасқа дейінгі медициналық қызметкерлер және қызылша ошақтарындағы 30 жасқа дейінгі байланыста болғандарға жүргізілуде.
Сәуір айында 1-11 аралығында қосымша иммундауға жататын 9-10 айлық 4150 балалардың 1437-і  егілді. 40 жасқа дейінгі 3162 медициналық қызметкерлердің 2198-і егілді.

adimage