Шымкентте АҚТҚ-оң балалар үшін сауықтыру орталығының жаңа ғимаратын салды

Шымкент. 6 желтоқсан. ҚазТАГ –  Шымкентте АҚТҚ-оң балалар үшін сауықтыру орталығының жаңа ғимаратын салды, деп хабарлады қала әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
«АҚТҚ-оң балалар үшін сауықтыру орталығы жаңа ғимаратқа көшті. Ол шымкенттік бизнесменнің есебінен салынды. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі дегеніміз осы», - деп айқтан қала әкімі Дархан Сатыбалдының сөзін баспасөз қызметі сенбі күнгі хабарда келтіреді.
Хабарда айтылғандай, бір қабатты ғимаратты «Отау құрылыс» компаниясының бас директоры Қайрат Молдасейітов салдырып, «Балаларды ЖҚТБ-дан қорғау» қайырымдылық қорына тапсырған.
«Біз мұндай сыйлықты күтпеген едік. Біз шексіз алғысымызды айтамыз, себебі біз бұған дейін көптеген жылдар бойына ғимаратты жалға алып отырдық қой», - деді қайырымдылық қор президенті Женетта Жазықбаева.
Жаңа орталық «Нұрсат» ықшамауданында орналасты. Ғимаратта 10 бөлме бар, онда жаттығу бөлмелері, заңгердің, психологтың бөлмелері бар, анасы мен баласының жатып емделуіне арналған 5 төсек-орынға есептелген 2 ұйықтайтын бөлме бар.  
Қазір «Балаларды ЖҚТБ-дан қорғау» қоры 230 баламен жұмыс жасауда.

adimage