Шымкентте адвокат делдалдық жасағаны үшін пара алды деп күдіктелуде

Астана. 17 қазан. ҚазТАГ – Шымкентте адвокат делдалдық жасағаны үшін пара алды деп күдіктелуде, деп хабарлады ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен
«Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша Шымкент қаласының адвокаттар алқасының қорғаушысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол Шымкент қаласындағы Абай аудандық полиция басқармасының тергеушісіне зорлау фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтатуға делдалдық жасағаны үшін жалпы сомасы 360 000 теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілініп отыр», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Ведомствода еске салғандай, Шымкент қаласындағы Абай аудандық Полиция басқармасының тергеушісі аталған істі тоқтату жөнінде процессуальдық шешім қабылдағаны үшін пара алды деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
«Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Күдіктілерге қатысты түпкілікті шешімді олардың кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады», - делінген хабарламада.

adimage