Шымкентте алғаш рет сотталушыны химиялық кестіруге үкім шығарылды

Күні: 19:02, 29-07-2019.

Алматы. 29 шілде. ҚазТАГ - Шымкентте алғаш рет сотталушыны химиялық кестіруге үкім шығарылды, деп хабарлады Otyrar.kz.
«Шымкентте алғаш рет сотталушыны химиялық кестіруге үкім шығарылды», - деп хабарлады дүйсенбіде кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі қалалық мамандандырылған сот өкілі.
Судья Әбинұр Қарабаевтың айтуынша, 39 жасар сотталушы екі кәмелетке толмаған қыз баланы зорлауға әрекет еткені үшін осындай жазаға және 15 жыл бас бостандығынан айыруға кесілді.
Басылымда еске салғандай, сотталушы зорлау ісі бойынша 2003 жылы жазасын өтеген.
«Сол кезде ол 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Химиялық кестіру сот сараптамасының нәтижесі бойынша белгіленген», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: