Алматы. 19 ақпан. ҚазТАГ – Шымкент қаласы мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен қалалық білім басқармасы басшысының экс-орынбасары пара алғаны үшін ұсталды, деп хабарлады Otyrar.kz.
«Шымкенттегі қалалық тергеу сотының санциясымен экс-шенеунік кепілсіз тексеру арқылы екі айға қамауға алынды… Күдікті бұлтартпау шарасын кепілге алмастыруға аппеляциялық өтініш берген», -деп келтірілген хабарда Шымкент қ. мамандандырылған тергеу сотының судьясы Сержан Айнабековтың сөзі.
Хабарда атап өтілгендей, экс-шенеунік қалалық мектептегі асхананы жалға алушы жеке кәсіпкерден жалға алу мерзімін ұзарту үшін 1,5 млн теңге көлемінде пара алған. Оған ҚР ҚК 366 б.3б. бойынша айып тағылған.
«Шымкент қ. білім басқармасы басшысының орынбасары қызметінде жұмыс жасап жатқан ол ары қарай жұмыстан шығу құқығымен еңбек демалысын алуға өтініш берген. Қазіргі таңда ол еңбек демалысында. Бізде басқа ақпар жоқ», - деді қалалық білім басқармасынан.
Шымкентте қалалық білім басқармасы басшысының экс-орынбасары пара алғаны үшін ұсталды
