Шымкентте «Алтын Ордадағы» өрт сөндірілді

Астана. 5 тамыз. ҚазТАГ – Шымкентте «Алтын Орда» базарындағы өрт сөндірілді, деп хабарлады Қазақстанның ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.
«5 тамызда сағат 13.35-те Шымкент қаласы ТЖД «101» тетігіне «Алтын Орда» базары аумағындағы сауда бутигінің өртенгені туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндірушілер қабылдаған шаралардың арқасында өрт 13.55-те ауыздықталып, 14.20-да сөндірілді. Нәтижесінде 72 ш.м. алаңдағы аяқ киім бутигі өртенген», - деп хабарлады ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов дүйсенбіде.
Ол атап өткендей, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
«Өрт себебі анықталуда. Өртті сөндіруге Шымкенттің ТЖД жеке құрамының 40 адамы мен жеті бірлік өрт сөндіру техникасы, шұғыл-құтқару жасағының алты құтқарушысы мен апат медицинасы орталығы филиалының бригадасы жұмылдырылған», - деп атап өтті Нұрахметов.
Бұған дейін Шымкенттің жергілікті БАҚ «Алтын Орда» базарының өртенгені туралы хабарлады. Хабарда үш киім бутигінің толық өртенгені атап өтілді. Куәгерлердің айтуынша, сатушылар өз күштерімен отты сөндірмек болған. Бұған «өрт сөндіруші құралдардың қолданылуы куә», «алайда өз күштерімен тілсіз жауды еңсере алмаған».

adimage