Шымкент. 23 қаңтар. ҚазТАГ – Шымкентте аттракциондар саябағында алапат өрт шықты, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Әл-Фараби ауданындағы Тәуке хан даңғылы бойында орналасқан аттракциондар саябағының аумағында төбе астында орналасқан ойын автоматтарында өрт шығып, екі қабатты мейрамхананың шатыры мен екі кеңсе бөлмеге тараған. Өрт сөндірушілер жалпы ауданы 230 шаршы метрді шарпыған өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Зардап шеккендер жоқ.
«Себебі анықталуда», - деп хабарлады ТЖМ.
Шымкентте аттракциондар саябағында алапат өрт шықты
