Шымкентте Қазақ драма театрын пайдалануға тапсыруға дайындық жүруде

Шымкент. 3 желтоқсан. ҚазТАГ – Шымкентте Шанин ат. Қазақ драма театрын пайдалануға тапсыруға дайындық жүріп жатыр, деп хабарлады ОҚО құрылыс басқармасы бөлімінің бастығы м.а. Ермек Қадыров.
«Шанин ат. Қазақ драма театры пайдалануға тапсыруға дайын. Ол Шымкенттің жаңа әкімшілік орталығында салынған. Зал 500 көрерменге есептелген», - деді Е. Қадыров сәрсенбі күні.
Құрылыс басқармасында театр үшін жабдықтарды Ресейден сатып алынғаны айтылды. Сахна әр түрлі көтеретін, дыбыстық және жарық беретін жабдықтармен жабдықталған. Театр құрылысы Т1,5 млрд болды.
Е. Қадыров түсіндіргендей, Шымкентте әкімшілік-іскерлік орталық құрылысы аяқталып келеді. Оған білім басқармасы, ТКШ, денсаулық сақтау сынды т.б. облыстық барлық басқармалар мен департаменттер көшіріледі. Әкімшілік орталықтың құрылысын аяқтау желтоқсанның ортасына жоспарланып отыр.

adimage