Шымкентте бұқа көлік жүргізушісіне тап берді

Шымкент. 10 сәуір. ҚазТАГ – Шымкентте бұқа көлік жүргізушісіне шабуылдады, деп хабарлады қаланың полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
«Белгілі болғандай, бұқа шылбырынан босатылып кетіп, зардап шегуші-жүргізушіге қарай жүгірген. Оны сол көшенің 42 жасар тұрғыны мал базарынан сатып алып келе жатқан екен. Бұқаның иесімен мұндай жағдайды келесіде болдырмау жайында профилактикалық әңгімелесу жүргізілді», - делінген жұмадағы хабарда.
Ер адамға қатысты ҚР ӘҚбК 408 бабы 2 бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

adimage