Шымкентте білім саласындағы шенеунік ҰБТ-мен байланысты сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп күдіктелуде

Күні: 11:20, 05-07-2019.

Алматы. 5 шілде. ҚазТАГ – Шымкентте білім саласындағы шенеунік ҰБТ-мен байланысты сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп күдіктелуде, деп хабарлады Otyrar.
«Білім басқармасының маманы ҰБТ-да жоғары балл жинауына және ЖОО-ға грантқа түсуіне уәде беріп, жергілікті тұрғын К.М.-дан Т500 мың пара алған. Бұл ойы сәтсіздікке ұшырап, қызметкер ұсталды», - делінген хабарда.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствода мәлімдегендй, «жоғарыдағы әрекетке қатысы барлардың барлығы заңмен белгіленген жауапкерішлікке тартылады».


Жаңалықтармен бөлісу: