Шымкентте бизнесмендерден ақша бопсалаған ҰҚТ мүшелері ұсталды

Күні: 17:46, 05-04-2019.

Алматы. 5 сәуір. ҚазТАГ – Шымкентте тұрақты түрде жергілікті бизнесмендерден ірі көлемде ақша бопсалаған ҰҚТ 6 мүшесі ұсталды, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметінен.
«Қылмыстық ұйым мүшелері бірқатар қылмыстар жасаған, соның ішінде қару қолданған деп айыпталуда. ҰҚТ-тың негізгі мүшелері - бұған дейін ауыр қылмыстары үшін бірнеше рет сотты болған теріс діни ағымды ұстаншылар», - делінген хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, қылмыскерлер мүшесін ұстау олардың кезекті кәсіпкерден қорқытып 10 мың долларын алып жатқан жерінде орын алған.
«Бірқатар тінту шаралары жүргізілді, ҰҚТ мүшелерінің қару-жарақтары жасырынған орын табылған, 5 дана қару мен олардың оқ-дәрілері тәркіленді. Қазіргі таңда олардың діни көзқарастары бойынша қылмыстық құқықбұзушылық жасау мүмкіндіктері тексерілуде», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: