Шымкентте бойжеткеннің өліміне қатысты екі адам ұсталды

    Шымкент. 21 қаңтар. ҚазТАГ-Шымкентте қызды өлтіру ісі бойынша екі адам ұсталды, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі.
    "17 қаңтарда Абай ауданының полиция басқармасына "1-май" көшесіндегі үйлердің бірінің пәтерінен қыздың мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келгеннен кейін тергеу-жедел тобы мәйіттің жеке басын анықтады, ол 1994 жылы туған азаматша болып шықты. Мәйітті қарау кезінде пышақ жарақаттары анықталды", - делінген жұмада таратылған хабарламада.
    ҚР ҚК 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
    "Жедел-іздестіру шаралары барысында Түркістан облысының 18 және 19 жастағы тұрғындары анықталып, ұсталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.


adimage