Шымкентте екі ауданның көшелерін күтіп ұстауға Т14,5 млрд-тан астам жұмсамақ

Шымкент. 18 наурыз. ҚазТАГ – Шымкент қаласындағы екі ауданның көшелерін күтіп ұстау бойынша жұмыстарға Т14,5 млрд-тан астам жұмсамақ, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Тапсырыс беруші – «Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ; атауы - автомобиль жолдарын ұстау бойынша жұмыстар; қосымша сипаттамасы - Енбекші, Қаратау аудандарындағы көшелерді күтіп ұстау; саны - бір; өлшем бірлік - жұмыс; жоспарлы сома - Т14 554 509 821,42», - деп мемлекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 26 наурыз бен 2 сәуір аралығында өтеді.

«Шұңқырларды асфальт-бетон қоспасымен жамау. Жол жабынының қабатын тегістеп салу. Аяқ жолдарды орнату және жөндеу. Құдықшаларды жолдың беткі қабатымен бірдей қылып көтеру және ретке келтіру. Аялдамаларды жөндеу. Жол жамылғысындағы толқындарды ретке келтіру. Су өткізгіш құбырларды және арықтарды ретке келтіру және орнату. Суық ресайклинг әдісімен учаскелерді жөндеу. Жол жабынының үстіңгі қабатын өңдеу (микросюрфейсинг). Қоршауларды жөндеу және сырлау. Жиектастарды орнату», - деп сатып алынатын жұмыстардың техникалық ерекшелігінде жазылған.

Фото көзі: gov.kz


adimage