Шымкент. 26 ақпан. ҚазТАГ - Шымкентте «ESTATE Ломбард» ЖШС филиалының директоры ұсталды, деп хабарлады қаланың полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«Алданып қалған салымшылардың ұжымдық мәлімдемелерінен кейін Шымкент ПД «ESTATE Ломбард» ЖШС мен «Гарант 24» ЖШС қатысты ҚР ҚК 217 бабы 3 бөлімі (қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Жедел-іздестіру шаралары барысында «ESTATE Ломбард» ЖШС филиалының директоры ұсталып, уақытша ұстау изоляторына тоғытылды», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Департаментте атап өткендей, қазіргі таңда департаментте «Гарант 24» ЖШС филиалының директорын ұстау үшін қажетті шаралар жүргізілуде.
Еске салсақ, 21, 22 және 23 ақпанда Павлодардағы, Ақтаудағы, Тараздағы, Қарағандыдағы, Оралдағы «Гарант-24» филиалдарының директорлары, сондай-ақ, Алматыдағы «Гарант 24» және «Estate» ломбардтарының директорлары ұсталды.
25 ақпанда белгілі болғандай, «Гарант-24» бойынша тоғыз қылмыстық іс қозғалған - ҚР ҚК 217 бабы бойынша (қаржы пирамидасын құру), ал «Гарант-24» компаниясының құрылтайшысы Аслан Мұрзабековке іздеу жарияланған.
Қатысты сілтемелер
-
Көкшетауда Қылшақты өзені арнасынан шығып, 100 ден аса адам эвакуацияланды29 Наурыз 2024, 12:02
-
Алматының тау бөктерінде заңсыз салынған 5 нысан бұзылды29 Наурыз 2024, 11:07
-
Билік елге шетелден білікті мамандарды тарту үшін қандай жұмыс атқаруда29 Наурыз 2024, 10:26
-
Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісін қатігездікпен өлтіріп кеткен29 Наурыз 2024, 10:21