Шымкентте көлік тұрақтарының бірінде шетел көлігінің жүргізушісі алты жасөспірімді қақты, біреуі жан сақтау бөлімінде жатыр

Күні: 13:40, 28-05-2019.

Алматы. 28 мамыр. ҚазТАГ - Шымкентте көлік тұрақтарының бірінде шетел көлігінің жүргізушісі алты жасөспірімді қақты, біреуі жан сақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«27 мамырда шамамен 15.30-да Шымкент ПД Әл-Фараби ауданы полиция басқармасының кезекші бөліміне қаладағы көлік тұрақтарының бірінде Opel Kadett көлігінің жүргізушісі кәмелетке толмаған жасөспірімдерді қаққаны туралы хабар келіп түсті. (…) патрульдік полиция тобының қызметкерлері көлік жүргізушісінің алты жасөспірімді қаққанын анықтады. ЖКО салдарынан бір жасөспірім қалалық аурухананың жан сақтау бөліміне түскен. Қалған бесеуі жеңіл жарақат алған, олар үйлеріне жіберілді», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
Сондай-ақ, полицияда хабарлағандай, бірнеше сараптама тағайындалған.
«Қазіргі таңда аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 345 б.2б. бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: