Шымкентте карантин тағы да екі аптаға ұзартылды

Шымкент. 21 қаңтар. ҚазТАГ – Шымкентте карантин тағы да екі аптаға ұзартылды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Шымкент қаласының аумағында 2021 жылдың 25 қаңтары сағат 00.00-ден бастап 2021 жылдың 8 ақпаны сағат 00.00 аралығына дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылсын», - делінген бейсенбіде жарияланған Шымкенттегі мемлекеттік санитарлық бас дәрігердің қаулысында.
Бұған дейін қолданыста болған шектеулерден басқа қалада балалардың сауықтыру лагерлері мен балабақшалар жұмыстарына (бала саны 20 адамнан аспайтын кезекші топтан басқа) шектеу енгізіледі.
Көлік қозғалысы 7.00 - 21.00 аралығында уақыттық шектеулермен реттеледі.

adimage