Шымкентте хирургтың өлімі тексерілуде

Алматы. 8 ақпан. ҚазТАГ – Шымкентте хирург Мәди Биғалиевтің өлімі тексерілуде, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«Полицейлердің Шымкенттің 60-65 жасар тұрғынының денесін (хирург М.Биғалиев – ҚазТАГ) табу дерегі бойынша ҚР ҚК 105 бабымен (өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу материалдары жариялауға жатпайды», - делінген жұмадағы хабарда.
Otyrar.kz хабарлағандай, белгілі хирург, профессор, медицина ғылымдарының докторы, Шымкент пен Түркістан облысындағы трансплантологияның негізін қалаушы Мәди Биғалиев 63-ке қараған шағында өмірден озды.

adimage