Шымкент. 22 шілде. ҚазТАГ – Шымкентте «Хизб-ут-Тахрир» экстремистік ұйымы анықталды, деп хабарлады қала прокуратурасының баспасөз қызметінен.
«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасының үйлестіруімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында құрамында 22 тұлғадан тұратын «Хизб-ут-Тахрир» радикал-экстремистік ұйымын анықтады», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ағымдағы жылдың «Рамазан» айында «ауызашар» өткізу сылтауымен радикалды экстремистік ұйымның жергілікті жақтастарының санын көбейту және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін діни жиындар өткізгені анықталды.
«Тінту барысыда Қазақстан Республикасында тыйым салынған 7 діни кітап, діни мазмұндағы 10-нан астам қолжазба және мәтіндік парақшалар, 6 ұялы телефон мен 4 ноутбук тәркіленді», - деп хабарлады қадағалау органынан.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 256-бабынының 1-бөлігімен және ҚР ҚК-нің 259-бабының 1-бөлігімен тергеп-тексеру амалдары басталды.
Шымкентте «Хизб-ут-Тахрир» экстремистік ұйымы анықталды
