Шымкентте коммуналдық апат салдарынан тұрғын үйлер газсыз қалды

Күні: 18:30, 14-02-2020.

Шымкент. 14 ақпан. ҚазТАГ - Шымкентте коммуналдық апат салдарынан тұрғын үйлер газсыз қалды, деп хабарлады «ҚазТрансГазАймақ» АҚ баспасөз қызметінен.
«Шымкентте газ құбырының ақауы салдарынан 16 үй газдан ажыратылды. Тұрғын үйдің астынан шұңқыр қазу жұмыстарын жүргізу кезінде «Канфар билдинг» ЖШС мердігер мекемесі төмен және орта қысымды екі жерасты полиэтиленді газ құбырына зақым келтірген. Ол туралы хабар Нұрсәт-3 ықшамауданында №31 үй маңайындағы көшеде тұрғындар газ исін байқаған кезде келіп түскен. Апаттан құтқару бригадасы ЭГС бриагадасымен бірге газ құдығындағы ысырманы жауып, Қаратау АІІБ қызметкерлерін шақырған. Нәтижесінде 16 панельді үйдің газы ажыратылды, ал бұл дегеніңіз 2016 пәтер мен бір коммуналды-тұрмыстық кәсіпорын», - деп хабарлады жұма күні компаниядан.
Хабарда атап өтілгендей, газ шаруашылығына келтірілген шығын өтелгеннен кейін ғана газ абоненттерге қайта қосылады.


Жаңалықтармен бөлісу: