Шымкентте коммуналдық мекеме қаржы лизингіне Т8,6 млрд-қа жуық жұмсамақ

Шымкент. 11 ақпан. ҚазТАГ – Шымкент қаласында коммуналдық мекеме қаржылық лизинг бойынша қызметтерге Т8,6 млрд-қа жуық қаражат жұмсамақ, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Тапсырыс беруші – «Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімі аппаратының «Еңбекші» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; атауы - қаржылық лизинг бойынша қызмет көрсетулер; қосымша сипаттамасы - қаржылық лизинг бойынша қызмет көрсетулер; саны - бір; өлшем бірлік - бір қызмет; жоспарлы сома - Т464 529 428,45», - деп мелекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.

Сондай-ақ осы хабарландыруда жоспарлы сомасы Т8 101 868 786,53 құрайтын тағы бір қаржылық лизинг бойынша қызмет көрсетулер бойынша лот сипатталған.

Екі лот бойынша жалпы жоспарлы сома - Т8 566 398 214,98.
Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 14 ақпанда басталып, 21 ақпанда аяқталады.

Сатып алынатың қызметтердің техникалық ерекшелігіне сәйкес, лизинг заттары ретінде автобустар, вакуумдық автоцистерна, автогидрокөтергіштер, қоқыс тасушы және тағы басқа техника көрсетілген.

Фото көзі: ©Мадина Алимханова


adimage