Шымкентте мектеп оқушыларының президенттік олимпиадасының облыстық турының 20 жеңімпазы марапатталды

Күні: 16:54, 04-11-2014.

Шымкент. 4 қараша. ҚазТАГ – Шымкентте мектеп оқушыларының президенттік олимпиадасының облыстық турының жеңімпаздарын құттықтады, деп хабарлады ОҚО әкімшігінің баспасөз қызметінен.
«Сыйлықтар мен дипломдар 20 оқушыға тапсырылды. Олардың барлығы алдымен аудандық деңгейде кейін облыстық деңгейде жеңімпаздар деп танылды», - деді сейсенбі күні баспасөз қызметінен.
Жаратылыс тану – математикалық цикл пәндері бойынша президенттік олимпиадаға ОҚО-ның 15 ауданынан 60 оқушы қатысып, химия, биология, физика және математикадан білімдерін танытты. Барлық жеңімпаздар 15 қарашада online режимінде өтетін екінші турына қатысады.
Әкімшіліктен түсіндіргендей, президенттік олимпиада жеңімпаздары ЖОО-ларға түсуге гранттар бөлгенде артықшылық алады.


Жаңалықтармен бөлісу: